24.12.2021 жылдың 05 сағат 25 минуттан (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты) бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1912-2057 шақырым аралығына (Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан бастап Түркістан облысына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу алынды.