Дауылды ескерту
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 23 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын, күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.