Дабылды ескерту «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 21 желтоқсанда Қызылорда облысында түнде ауа температурасы 21-26, облыстың оңтүстігінде 17 градус аязға дейін күрт төмендейді. Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда түнде ауа температурасы 21-23 градус аязға дейін күрт төмендейді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.