Тексерістер бойынша
2020 жылдың басынан өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 532 объекті тексерілді (2019 ж. – 1 709), оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 253 объекті, жоспардан тыс 279 объекті (бақылау бағытында 270, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 5 және арыз бойынша 4 объекті) тексерілді. Тексерулер барысында 1 076 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Анықтама ретінде: 2020 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған тексеру жүргізу кестесі бойынша 931 объекті жоспарланса, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығы күшіне енгеннен кейін облыс бойынша барлыңы 445 объекті қалды, бүгінгі күні 157 объектіге ерекше тәртіп негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, жоспардың орындалуы 35,2% құрады.
2020 жылғы 2-жартыжылдыққа 420 объекті жоспарланған қазіргі таңда 96 объектіге ерекше тәртіп негізінде тексеру жұмыстары жүргізіліп, жоспардың орындалуы 22,8% құрады.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 386 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып (2019 ж. - 663), - 41,7% төмендеді, 2 млн. 056 мың 312,5 теңге айыппұл салынды (2019 ж.- 3 млн 490 мың 812 теңге) – 41,1 % төмендеді.
Оның ішінде: 2020 жылы жеке тұлғалар арасынан әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ (2019 ж. – 3 тұлға 50 мың 500 теңге), 28 лауазымды тұлға 607 мың 547,5 теңге (2019 ж. – 110 тұлға 2 млн 215 мың 687 теңге), 34 заңды тұлға 1 млн 448 мың 765 теңге (2019 ж. – 38 тұлға 1 млн 224 мың 625 теңге) және 324 ескерту (2019 ж. - 512).
Жоспардан тыс - бақылау бағытында тексеру жұмыстарының қорытындысымен нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағымен 25 хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды (2019 жылы - 72). Оның 20 қанағаттандырылып (2019 жылы - 49), 7 млн 361 мың 690 теңге көлемінде ақшалай айыппұл салынды (2019 жылы – 8 млн 086 мың 315 теңге) 5 әкімшілік іс қараусыз қалдырылып (2019 жылы - 20), сотта қаралуында әкімшілік іс жоқ (2019 жылы - 3).
Бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған
жұмыстар бойынша
Есепті кезеңде БАҚ арқылы 2 498 рет материал жарық көрді (2019 ж.-2 260) 10,5 % көбейген:
теледидар арқылы 70 телесюжет (2019ж.-57);
газет - журналдарда 228 мақала (2019ж.-212);
радио және дауысзорайтқыш арқылы 2 200 хабар берілді (2019ж.-1 991) 10,3% көбейген.
БАҚ өкілдерін шақырып өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 13 брифинг (2019ж.-4) өткізілді. Департамент қызметкерлерімен 43 915 (2019 жылы – 80 879) тұрғын үй сектордың 200 636 (2019 жылы – 402 904) тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 1 982 (2019 жылы – 4 560) тұрғынның қатысуымен 92 (2019 жылы - 213) рет жиын өткізілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен 13 (2019 жылы – 16) дөңгелек үстел өткізілді.
Қаза болу мен жарақаттануды алдыналу мақсатында, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту, өрт кезінде дұрыс әрекет етуі бойынша жалпы білім беру орындарында слайд пен бейнероликтерді пайдалана отырып, 7 интерактивті сабақ өткізіп 10 358 оқушыны қамтыған.
Басты назар әлеуметтік тәуекел топтарына аударылуда. Сонымен тұрғылықты жерлері бойынша 1 856 (2019 жылы – 4 098) рейд жүргізіліп, 8 373 (2019 жылы – 24 242) адам қамтылған.
Яғни 1 087 (2019 жылы - 687) тұрмысы нашар отбасылар араланып, 4 355 (2019 жылы – 2 704) адам қамтылды, 769 (2019 жылы – 3 411) көп балалы отбасылар араланып, 4 382 (2019 жылы – 21 538) адам қамтылды.
Ұйым қызметкерлері 192 (2019 жылы - 287) рет нұсқаулық жүргізіліп 1 639 (2019 жылы – 3 019) адам қамтылған.
Өрттер бойынша
Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2020 жылдың 9 айында облыс бойынша 409 өрт оқиғасы орын алды (2019 ж. – 393 өрт), - 3,9 % көбейді.
Материалдық шығын 18 млн. 053 мың 000 теңгені құрады (2019 ж. – 40 млн. 698 мың 000 теңге) – 55,6 % азайған.
409 өрт оқиғасын саралағанда:
1) Объектілерде - 32 өрт (2019 ж - 26 өрт)
2) Тұрғын үй секторында – 252 өрт (2019 ж – 275 өрт)
3) Автокөліктерде – 71 өрт (2019 ж – 83 өрт)
4) Дала және орман өрті – 39 өрт (2019 ж – 4 өрт)
5) Басқа да өрт – 5 өрт (2019 ж – 5 өрт).
Өрт оқиғасынан 4 адам қаза болды (2019 жыл – 5 адам, оның ішінде 3 бала). Тұрғын үй секторында – 3 адам, автокөлікте – 1 адам.
Жарақат алғандар саны 8 адам (2019 жыл – 13 адам)
Нысандардағы өрттің талдауы:
Өрттердің себептері:
- отпен абайсыз болуынан - 193 өрт (2019 ж. – 177);
- электр жабдықтарын, қондырғыларын, желілерін құру, пайдалану ережесінің бұзылуынан - 128 өрт (2019 ж.– 111);
- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан - 9 өрт (2019 ж.- 32);
- тұрмыстағы пешті пайдаланудағы аңғалдықтан - 24 өрт (2019 ж. – 29);
- балалардың отпен ойнауынан - 17 өрт (2019 ж. – 17);
- әдейі өртеу – 14 өрт (2019 ж.- 9);
-тұрмыстық газдарды, керосиндік және басқа да құрылғыларды пайдалану кезіндегі ӨҚЕБ - 8 өрт (2019 ж.- 2);
басқа да себептер – 11 өрт (2019ж – 7).