«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметінше, 12 наурыз күні Қызылорда облысында және қаласында кей уақыттарда тұман күтіледі.
🌫 Тұман кезінде көріну қашықтығының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына қатысушылардың жолда сақ болуы қажет.
🚗 Жүргізушілерге:
• жылдамдықты төмендету;
• көліктің арақашықтығын сақтау;
• тұманға қарсы шамдарды пайдалану ұсынылады.
👣 Жаяу жүргіншілер жолдан өтуі кезінде аса мұқият болғаны жөн.
🚨 Өз қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!