10.03.2026. Сағат 02:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен температурадағы жаңбыр, қатты жел, көктайғақ) республикалық маңызы бар KAZ-14 «Қызылорда-Жезқазған-Шідерті-Қарағанды» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейін) барлық автокөлік түрлеріне шектеу қойылды.