8.03.2026. Сағат 22:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қатты жел, көру қашықтылығы шектеулі) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) қоғамдық және жүк автокөліктеріне шектеу қойылды.