“Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 9 наурызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі.
Қызылорда қ: 9 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.