27.02.2026. Сағат 16:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар *KN-15* *«Қызылорда-Жалағаш»* автомобиль жолының 0-91 шақырым аралығына _(Қызылорда қаласынан бастап Жалағаш ауданының дейін)_ , *KN-12* *«Жалағаш-Жосалы»* автомобиль жолының 0-74 шақырым аралығына _(Жалағаш ауданынан Қармақшы ауданына дейін)_ және *KN-3 «Шаған-Тереңөзек»* автомобиль жолының 0-14 шақырым аралығына _(Тереңөзек кентінен Шаған ауылына дейін)_ барлық автокөліктер түріне шектеу алынды.