25.02.2026 ж. сағат 18:00-ден бастап Қызылорда облысы аумағында ауа райының нашарлауына (төменгі температурадағы жаңбыр) байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ–Мәртүк–Ақтөбе–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент–Тараз–Қордай–Алматы–Хоргос–ҚХР» автомобиль жолының 1912–2055,5 шақырым аралығында (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм елді мекенінен Түркістан облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеу қойылады.
Жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз.