14.02.2026. Сағат 23:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен температурадағы қар аралас жаңбыр) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1434 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал ауданы, Қамыстыбас ауылына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.