11.02.2026. Сағат 08:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты облыстық маңызы бар KN-12 «Жалағаш-Жосалы» автомобиль жолының 0-74 шақырым аралығына (Жалағаш ауданынан Қармақшы ауданына дейін) және KN-3 «Шаған-Тереңөзек» автомобиль жолының 0-14 шақырым аралығына (Тереңөзек кентінен Шаған ауылына дейін) барлық автокөліктер түріне шектеу алынды.