«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 30 қаңтарда Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.