Меню

Страницы

Статья

Мереке күндері пиротехниканы пайдалану ережелері туралы

          Қызылорда облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпараттық алаңында брифинг ұйымдастырылды.

          Тақырыбы:  «Мереке күндері пиротехниканы пайдалану ережелері туралы».

          Спикерлер: Дастенов Арман Мамайұлы - Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, Сатқанбай Сәбит Ханзадаұлы - Қызылорда облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары.

          А.Дастенов: «2025 жылдың 5 желтоқсанынан бастап өңір аумағында Полиция департаментімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында адамдар көп шоғырланған орындар мен сауда орталықтарында рейдтер ұйымдастырылып, кәсіпкерлер мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілуде. Бүгінгі күні пиротехникалық бұйымдардың саудасын рұқсатсыз жүргізген тұлғаларға қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.

          Жыл басынан өңірде 432 өрт оқиғасы тіркелді, салдарынан 6 адам қаза болды, 10 адам зардап шекті.

          Жаңа жыл мерекесінде мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарында мерекелік іс-шаралар жүргізіледі. Мереке кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Департаменттің тарапынан кәсіпкерлік нысандарда қауіпсіздік шаралары насихатталып, әдістемелік көмек көрсетілуде.

          Пиротехникалық бұйымдарды қолдану барысында төмендегі қауіпсіздік шараларын:

  • өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды бекітуді;
  • мереке өтетін объектінің электр сымдарына арнайы мамандар арқылы тексеру жұмысын жүргізуді;
  • объектілерде бастапқы өрт сөндіру құралдарының және өрт дабыл қондырғыларының жарамды қалпында болуын қадағалауды;
  • эвакуациялық есіктер мен шығу жолдарының ашық болуын, шығу жолдарына кедергілердің болмауын қамтуды;
  • ғимарат ішінде немесе ауладағы арнайы белгіленбеген орындарда темекі шекпеуді;
  • ғимарат ішінде пиротехникалық бұйымдарды, ашық от қауіпін тудыратын басқа да бұйымдарды қолданбауды;
  • пиротехникалық бұйымдардың саудасын тек қана ішкі істер органдарынан алынған рұқсат негізінде ғана жүзеге асыруды сақтауды сұраймыз».

Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
24 декабря 2025
Дата обновления
24 декабря 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы