20.12.2025. Сағат 11:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен температурадағы қар аралас жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мартук-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1806 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Қызылорда қаласына дейін) барлық автокөліктердің түріне шектеу қойылады.