Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы ТЖД ТЖАА басқармасының 11 айда атқарған жұмыстары бойынша  

Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқандықтан аумағымыздағы ықтимал негізгі төтенше жағдайлардың бірі - су тасқыны болып табылады.

Қызылорда облысы аумағынан ағып өтетін Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы 1 274 шақырымды құрайды. Өзен жағалауының оң жақ бетінде 380,37 шақырым, сол жақ бетінде 244,75 шақырым, барлығы 625,12 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеті бар.

Қазіргі таңда облысқа кіріп жатқан судың көлемі – 136 м3 құрайды (2024 жылы  240 м3).

Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында Сырдария өзенінде толық мұз ұстасқан. Жалағаш ауданында 95% мұз ұстасқан. Сырдария ауданында өзен иірімдерінде мұз ұстасқан. Қызылорда қаласы тұсында 15% мұз ұстасқан.

Тасқын судың келетін кезінде визуалды зерттеуді қажет ететін 37 ГТҚ бар (оның ішінде, 32 ГТҚ - республикалық меншікте, 4 ГТҚ - коммуналдық меншікте, 1 ГТҚ - жеке меншікте).

Анықтама үшін.

Облыс аумағында барлығы 37 гидротехникалық құрылыс орналасқан.

Оның ішінде 4 су торабы, 2 су тастау құрылғысы, 1 Солтүстік Арал теңізінің бөгеті, 22 магистралды канал, жалпы ұзындығы 625,12 км қорғаныс бөгеті, 6 су қоймасы және 1 тоған.

Сонымен қатар, каналдар мен коллекторлардың бойында 873 су өткізу құрылыстары (құбырлар, көпірлер) орналасқан.

Жалпы Сырдария өзені облыстың барлық аудандарын қамтиды (Қызылорда облысының құрамына 7 аудан, 4 қала, 230 ауылдық елді мекендер кіреді).

Облыс аумағында 31 су басу қауіпті учаске бар. Оларда 83 668 халқы 16 527 тұрғын үй және 36 елді мекен орналасқан.

Анықтама үшін: Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар бойынша 117,9 тонна жанар-жағармай (бензин –48,9 тн., дизель - 69 тн.), 139 902 дана қаптар, 17 710 бау қамыс, 5 865 дана пашын, 239 тн қойтас және 2381 дана қарабура инертті материалдар қоры қалыптастырылды.

Су басу қаупі бар 31 қауіпті учаскеде жағдай күрделенген кезде су тасқынының қаупін жою мақсатында 135 мекеме, 410 бірлік техника және 1234 адам бекітілген.

Облыс бойынша қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын Департаменттің күштер мен құралдардың құрамы: 123 адам, 23 бірлік техника, 6 жүзу құралы және 33 мотопомпа және 1 тікұшақ дайындыққа келтірілді.

Су тасқыны кезеңінде халықты эвакуациялау мақсатында барлығы 59 жинау-эвакуациялау пункті, 70 қабылдау-эвакуациялау пункті дайындыққа келтірілді.

Облыс бойынша 2025 жылдың көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1371 адам, 472 бірлік техника, 6 дана жүзу құралдары, 90 су сору мотопомпасы және 1 тікұшақ дайындыққа келтірілді.

Анықтама үшін:

Оның ішінде: ТЖД тарапынан 123 жеке құрам, 23 техника, 6 жүзу құралдары мен 33 мотопомпа.

Мұз жару жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қажетті қаражат қаралып, мамандандырылған ұйыммен шарт жыл сайын жасалуда («Взрыв универсал» ЖШС). ҚР ТЖМ «Селден қорғау» мекемесінің басшысымен су тасқыны кезеңінде тиімділігін зерделеу және жұмыстарды жандандыру мақсатында меморандум жасалды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстық 5 ТЖК отырысы, ал қала және аудандық 52 ТЖК отырыстары өткізіліп қажетті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ І жартыжылдығында өткізілген комиссия отырысына талдау жасалып, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті мен Облыс әкіміне ұсынылды.

2025-2026 жылдарға арналған жазғы-күзгі мезгілдерде су тасқынының алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралардың инженерлік жоспары бекітілді. Жоспарға барлығы 9 нысан енгізілді (Арал ауданы-1, Қазалы ауданы-1, Қармақшы ауданы -1, Жалағаш ауданы-1, Сырдария ауданы-4, Шиелі ауданы -1).

Қазіргі таңда жоспарда берілген тапсырмалар 100% орындалды.

Жергілікті атқарушы органның және су шаруашылығы мекемесінің мамандарынан жұмысшы топ құрылып, облыс көлеміндегі гидротехникалық құрылғыларға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі бойынша ТЖК отырысында мекеме басшыларына қажетті тапсырмалар берілді.

Облыстың 9 елді мекені 6-8 баллдық сейсмикалық аудандарға жатқызылған (ҚР ЕЖ 2.03-30-2017ж.«Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс» ережелері жинағына сәйкес,20.12.2017ж. №312-НҚ ҚР ИДМ Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің бұйрығымен бекітілген).

Оның ішінде 7 елді мекен тау бөктерінде орналасқандығына (Шиелі, Жаңақорған кенті, Төменарық а/о, Шалқия кенті: 6-7 балл, Келінтөбе, Кеңес, Сатымсай елдімекені: 7-8 балл) және 2 елді мекен көмірсутек шикізатын өндіруге байланысты тізімге енгізілген (Тереңөзек кенті 6 балл, Қызылорда қ.: 6-7 балл).

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен әзірленген «Сейсмологиялық саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары» жобасына Қызылорда облысының егжей-тегжейлі сейсмикалық аудандастыру картасын жасау енгізілген (РБ есебінен 2025ж. - 25 млн. теңге, 2026 жылы - 1 млрд. 350 млн. теңге).

Жыл сайын облыс аумағында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары тіркелуде.

Көпқабатты тұрғын үйлердің басым көпшілігі облыс орталығында болғандықтан жазатайым оқиғалар Қызылорда қаласында жиі орын алады. Ағымдағы жылдың 11 айында балалардың терезеден құлауының 7 фактісі тіркелсе, 2024 жылы ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен 16 факт тіркеліп, 17 бала түрлі жарақаттар алды.

Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде бекіткіш торлардың болмауы және балалардың терезе алдында ойнауынан болып отыр. Балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жағдайларды жасау және ұйымдастыру мәселесі бойынша ата-аналардың жауапкершіліктерін арттыру, сондай-ақ балалар өліміне қатысты қайғылы жағдайларды болдырмау, олардың жақсы өмір сүруіне қолайлы ортаны құру мақсатында бірнеше ата-аналармен кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар Департамент және жергілікті полиция қызметкерлері, еріктілер қатарынан үгіт-насихат жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Облыс көлемінде сәуір айынан бастап 21 рет интервью, 26 рет «LED» экран арқылы бейнероликтер көрсетілді. Көпқабатты тұрғын үйлердің 3 мыңнан аса тұрғынына жадынама парақшалары таратылып, басылымға 136 мақала жарияланды. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардың терезелеріне 115 блокиратор орнатылды. Әлеуметтік желілерге (фейсбук, инстаграм, твиттер) терезеден құлау фактісін болдырмау алдын алу мақсатында жаңартылған материалдар жарық көруде.

Облыс аумағында жер қабатының ылғалдылығы мен Сырдария өзенінің су деңгейі төмендеуіне байланысты егістік алқаптарына суды тарту үшін еліміздің 19 өңірінен келген Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштер мен құралдары жұмыс атқарды. Көмекке келген қызметкерлер ЖАО тарапынан тынығу орындары мен ыстық тамақ және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді.

2025 жылғы 4 шілде мен 25 тамыз аралығында 19 облыстың (Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Атырау, Жетісу, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Қостанай, Маңғыстау, ШҚО - 2 эшалон, Абай, Ақмола, СҚО және БҚО мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары) күштер мен құралдары су тарту жұмыстарын жүргізіп, барлығы 25 743 077 м3 су тартылды.

Жалпы Төтенше жағдайлардың алдын алу саласында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қажетті жұмыстар атқарылуда.

Дата публикации
18 декабря 2025
Дата обновления
18 декабря 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы