18.12.2025. Сағат 08:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының жақсаруына байланысты Республикалық маңызы бар KAZ-06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына _(Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданы орталығына дейін)_ барлық автокөліктерге уақытша қойылған шектеу алынды.