«Қазгидромет» РМК филиалының хабарлауы бойынша 25-27 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.