15.12.2025. Сағат 15:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, көру мүмкіндігі төмен) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1474 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда облысының Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне дейін) барлық автокөліктердің түріне шектеу қойылады.