12.12.2025. Сағат 23:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (төмен температурадағы қар мен жаңбыр, көктайғақ) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1646 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кентіне дейін) қоғамдық және жүк автокөліктеріне шектеу қойылады.