11.12.2025 ж. Сағат 15:30-дан бастап Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына (минус температура кезінде жаңбыр мен қар, көктайғақ және көлік құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында) байланысты республикалық маңыздағы KAZ 06 «РФ-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Қорғас-ҚХР» автожолының 1806–2055,5 шақырымында (Қызылорда қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.