9.12.2025. Сағат 06:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мартук-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) барлық автокөліктер түріне шектеу алынды.