2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 08:00-ден бастап Қызылорда облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автожолының 1474-1806 шақырым аралығында (Әйтеке би кентінен Қызылорда қаласына дейін) барлық автокөлік түрлеріне қозғалысқа қойылған шектеу алынып тасталды.