2025 жылғы 8 желтоқсанда сағат 01:30-дан бастап Ақтөбе облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент» автожолының 1240-1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда облысының Арал ауданының орталығына дейін) барлық автокөлік түрлеріне қозғалысқа қойылған шектеу алынып тасталды.