2025 жылдың 6 желтоқсанында сағат 22:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (күннің суытуына, жаңбыр жаууына) байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автожолының 1240–1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) жүк және қоғамдық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.