5.12.2025. Сағат 21:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (тұман, көру мүмкіндігі төмен) республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мартук-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1474-2000 шақырым аралығына (Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен бастап Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентіне дейін) барлық автокөліктердің түріне шектеу қойылады.