2025 жылы 5 желтоқсанда сағат 14:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мәртүк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автомобиль жолының 1680-2045 шақырым аралығына (Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал ауылынан бастап Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылына дейін) барлық автокөліктер түріне шектеу алынды.