2025 жылдың 2 желтоқсанында сағат 20:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына (қатты боран, көріну шегінің төмендеуі) байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ-Мартөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР» автожолының 1240–1362 шақырым аралығында (Ақтөбе облысының шекарасынан Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығына дейін) жүк және қоғамдық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды.