Меню

Страницы

Статья

«Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуының жоспарлануы туралы брифинг өткізілді  

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыбы: «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы туралы.

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары, полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы.

Б.Әбдіқадыров: «Облыс әкімінің «Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін дайындау жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында 2025 жылғы 20-21 қарашада «Қыс-2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Арал ауданында өткізілетін болады. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау». Облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдарының іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында облыстық штаб құрылады.«Дабыл-1001» сигналы түскеннен кейін азаматтық қорғаудың облыстық аумақтық кіші жүйесінің органдары мен күштері, облыстық, аудандық Төтенше жағдайлар комиссияларының мүшелері құлақтандырылады.

«Қарғын-2002» сигналына сәйкес оқу-жаттығудың практикалық бөлігі өткізіледі: Автокөлік жолындағы жол көлік оқиғасы. Іздестіру-құтқару жұмыстары. Су жүйесі ғимаратындағы авария.

Аталмыш оқу-жаттығуға 100-ге жуық авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы 1000-ға жуық қызметкері және 300-ден аса техникасы жұмылдырылатын болады деп жоспарлануда.»

Соңында спикер журналистердің сауалдарына жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
17 ноября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы