Меню

Страницы

Статья

Қазандықтардың қауіпсіздігі туралы брифинг өткізілді 

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыбы: «Қазандықтардың қауіпсіздігін сақтау туралы».

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Қазандық, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстар және нан өнімдері объектілерін мемлекетік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Әкімниязов Ақылбай Дайрабайұлы.

А.Әкімниязов: «Жылу энергетикасы өнеркәсіптің барлық салалары мен халық өмірінің маңызды факторы. Оның негізі – қазандық қондырғылары. Тек олардың қауіпсіз жұмысы бүкіл жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Яғни, апаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу - қазандықтарды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау.

Қазандық қондырғыларының оңтайлы және қауіпсіз жұмыс режимдері үшін жұмыс ортасының көптеген параметрлерін сақтау қажет.

Ұйым басшысы өндірістік бақылау жүйесін ұйымдастыру жолымен қазандықтарды жарамды қалпында және қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етеді. Жабдық иесі жабдықтарды жарамды қалпында ұстауды және олардың жұмысының қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етеді.

Ғимараттар мен үй-жайларға қазандықтарды және олармен өзара байланысты өзге де негізгі және қосалқы жабдықтарды пайдалануға қатысы жоқ адамдарды жібермеу қажет. Қажет болған жағдайларда бөгде адамдар көрсетілген ғимараттар мен үй-жайларға пайдаланушы ұйымның рұқсатымен және оның өкілінің сүйемелдеуімен ғана жіберілуі мүмкін.

Кезекшілікте тұрған машинистке (от жағушыға), қазандықтың операторына, суды қараушыға жабдық жұмыс істеп тұрған кезде технологиялық регламентпен қарастырылмаған қандай да бір жұмыстарды жүргізуді жүктеуге болмайды.

Жабдықты қазан жұмыс істеп тұрған кезде және қазанды тоқтатқаннан кейін де ондағы қысым атмосфералыққа дейін және жабдықтың температурасы 40оС төмендегенше қызмет көрсететін персонал жағынан тұрақты қараусыз қалдыруға болмайды.

Қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттардың бірі - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен бекітілген «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары».»

Қызылорда облысы ТЖД

 

Дата публикации
29 сентября 2025
Дата обновления
29 октября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы