«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 17 қыркүйекте түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Күндізтөтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 17 қыркүйекте түнде және таңертең найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%.