Меню

Страницы

Статья

СУҒА ТҮСУ МАУСЫМЫ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАБЫЛДЫ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыбы: «Суға түсу маусымының жабылуы туралы»

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы  азаматтық қорғау подполковнигі Досымов Жандос Ерланұлы.

Ж.Досымов: «Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылды. Алайда, оған қарамастан, жыл басынан бастап 25 адам су айдындарында қаза болды.

Жыл басынан бері өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, оқыс оқиғаның алдын алу жұмыстарын күшейту бойынша ауқымды профилактикалық іс-шаралар атқарылды.  Биылғы маусымда облыс аумағында 795 рейд ұйымдастырылды. 31 мыңнан астам тұрғынға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Бұл жұмысқа полиция, жергілікті атқарушы органдар және еріктілер тартылды. Су айдындарында 398 ескерту тақтайшасы орнатылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес 48 адамға айыппұл шарасы көрілді. Полиция департаменті және балық инспекциясымен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде құқық бұзушылық деректерінің алдын алу мүмкіндігі артты. Су айдындарындағы қауіпсіздік тек қана құтқарушылардың жұмысы емес, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауымыз керек. Биылғы суға түсу маусымы ресми түрде жабылды. Дегенмен бұл кезеңнің аяқталуы қауіпсіздік ережелерін сақтамауға болады дегенді білдірмейді. Алдағы уақытта да түсіндіру және алдын алу шаралары үздіксіз жалғасын табады».

 

Қызылорда облысы ТЖД

 

Дата публикации
03 сентября 2025
Дата обновления
03 сентября 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы