"Қазгидромет" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 16 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.