«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 26 шілдеде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.