«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 11 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыстан батысқа ауысып, жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.