Меню

Страницы

Статья

ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары профилактикалық бақылау мен қадағалау шараларын күшейтіп, бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Еркебұлан Жарасов мәлімдеді.

- Біздің алдымызға қойылған негізгі міндет - тексеру жүргізіп, айыппұл салумен ғана шектелу емес. Ең бастысы - өндіріс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Биылғы алты айда 12 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 800-ден астам қауіпті өндірістік объект зерделенді. Нәтижесінде 500-ден астам заң бұзушылық анықталды. Бұл - қауіпсіздікке немқұрайлы қарауға болмайтынын көрсетеді. Әсіресе, кейбір өндіріс орындарында талап өрескел бұзылғандықтан, бірқатар ұңғымалардың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Жоспардан тыс тексерулер барысында да заң бұзушылықтар кездесіп, кей кәсіпорындарға айыппұл салынды. Бірақ біздің мақсатымыз - жазалау емес, әр кәсіпорынның қауіпсіздік деңгейін көтеру. Тексеру кезінде бірінші кезекте ескерту беріліп, кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Егер ол уақытында орындалмаса, заң аясында жауапкершілік қаралады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік - бұл қағаз жүзіндегі талап емес, адамның өмірі мен денсаулығына деген жауапкершілік,-деді Еркебұлан Жұмағалиұлы.

Брифингтің соңына журналистердің қойған сауалдарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
22 июля 2025
Дата обновления
22 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы