«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 25 маусымда Қызылорда облысында түнде облыстың батысында, орталығында найзағай, дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 25 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.