«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 17 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан соққан жел оңтүстіккке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 17 маусымда күндіз 42-44 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі күтіледі.