Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігін сақтау бәрінен де маңызды!  

Бүгін Қызылорда облысының коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг өткізілді.

Брифингтің тақырыбы: «Өрт қауіпсіздігі».

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы  азаматтық қорғау полковнигі Асхат Оразбеков.

А.Оразбеков: «Жыл басынан бері облыста 200 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт салдарынан 3 адам қаза болды, 9 адам жарақат алды.   

Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында (118 өрт), автокөлікте (47), нысандарда (19), орман қоры аумағында (10) тіркелген.

Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан күнделікті халық арасында профилактикалық шаралар, әр түрлі акциялар, рейдтік іс-шаралар және түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек өрттің алдын алу және жою алгоритмдері мен іс-қимыл жоспарлары бойынша жұмыстар атқарылуда.

Өрттердің басты себептерінің бірі - адамдардың немқұрайлылығынан туындап жатады. Нақтырақ айтқанда қоқыс және шөп қалдықтарын өртеу кезінде өртті бақылаусыз қалдырудан, ақаулы тұрмыстық электр жабдықтарын қолданудан, автокөліктерге уақтылы күтім жасамаудан, тұрмыстық газ қондырғыларының және газ баллондардың ақаулығынан, балалардың сіріңкемен ойнауынан пайда болуда.

2025 жылы орман қорында 251,12 га. құрайтын 10 өрт оқиғасы тіркелді.

Мобильді топтармен 134 рет рейдтік іс-шара жүргізілді. Рейд барысында әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336, 367, 410-баптарына сәйкес 35 тұлғаға йыппұл салынды.

Орман алқаптарында барлығы 10 428  шақырымға минералды жолақтарын жүргізу жоспарланған, қазіргі таңда 7 625 шақырымға жүргізілді.».

Соңында спикер журналистердің сұрақтарына да жауап берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы