Меню

Страницы

Статья

Брифинг: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының көрсететін мемлекеттік қызметтері жөнінде»    

2025 жылдың 21 мамырында Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.

Брифингтің тақырыбы: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының көрсететін мемлекеттік қызметтері жөнінде».

Спикер: «Қызылорда облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Әділжан Дабылов.

          Ә. Дабылов: ««Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты өзінің халыққа жолдауында (2.09.2025.) Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: "Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз»,-деп атап өтті.   

          Маңызды міндеттердің бірі – мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықты болдырмау.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мемлекеттік қызметтің 4 түрін  көрсетеді.

  1. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру.
  2. Қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға, жоюға арналған ұйымдардың жобалау құжаттамаларына келісу.
  3. Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардан, сонымен бірге тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінен емтихан қабылдау.

2025 жылы 4 айда - 97 (2024 жылы 12 айда - 312) мемлекеттік қызмет (жобалық құжаттаманы келісу, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және шығару, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелерінің білімін тексеру) көрсетілді.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарын орындамағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулардың саны – 2025 жылы 4 айда 42 (2024 жылы 12 айда 39) құрады.»

 Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
22 мая 2025
Дата обновления
22 мая 2025
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы