«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 26 сәуірде күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.