«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 10 сәуірде Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.