Меню

Страницы

Статья

Брифинг: Өрт қауіпсіздігі

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында брифинг ұйымдастырылды.

Тақырыптары: «Өрт қауіпсіздігі немесе дала өртін болдырмау жұмыстары туралы».

Спикер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы.

Ж.Түйменов: «2025 жылы орман қорында 1,4 га. құрайтын 1 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 50 % азайған.    

2025 жылғы 18 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтің төрағалығымен «Орман және дала өрттерінің алдын алу туралы» тақырыбында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.

2025 жылғы өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде құрамында 78 адамы бар 15 мобильді топ құрылды. Құрылған мобильді топпен бірлесіп, 28 рейд өткізілді.

Табиғи өрттердің алдын алу бағытында ауылдық округтердің әкімдерін, орман шаруашылығы қызметкерлерін, шаруа қожалық иелерін қатыстырып, 64 іс-шара (дөңгелек үстел, жиын, нұсқамалар беру) ұйымдастырылды.

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесінің сайты арқылы Департаменттің жедел кезекшісі күнделікті космомониторинг жұмысын жүргізуде. Космомониторинг кезінде анықталған белгілер-нүктелер (термоточка) бойынша координаттары нақтыланып, аталған елдімекеннің жергілікті атқарушы органдарынан ақпараттар алынады.      

Өңірдегі орман-дала алқаптарында 6503  шақырымға минералды жолақтарды жүргізу жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Өңірдегі өрт қауіпті кезеңге орай өзге де профилактикалық іс-шаралар жалғасын табуда».

Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы