Меню

Страницы

Статья

Брифинг: Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті        

   Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратық алаңында брифинг ұйымдастырылды.

          Тақырыптары: «Мереке кезінде күшейтілген кезекшіліктің өткізілуі жөнінде» және «Сырдария өзенінен мұздың қауіпсіз өткендігі туралы».

          Спикерлер: Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы; Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Әбдешов Рауан Қырымұлы.

         Р.Қайрақбаев: «Ауа-райының күрт жылынуына байланысты 13 ақпан мен 20 наурыз аралығында Сырдария өзенінде сең жүрді. Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаментімен бірқатар жұмыстар атқарылды. Қала, аудандарда қауіпсіздік шаралары, кезекшіліктер ұйымдастырылды, Сырдария өзенінің арнасын реттеу және бақылау жұмысы  жүргізілді. Су басу қаупі бар елді мекендердегі тұрғындарға төтенше жағдайлардың және оның салдарының алдын алу бағытында
10 мыңға жуық үнпарақтар таратылды. Ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру үшін 61 эвакуациялық жинақтау, 71 эвакуациялық қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Сырдария өзенінің жағдайын бақылау мақсатында 7 рет әуеден мониторинг жасалды. 2025 жылғы 6-7 ақпанда «Көктем-2025» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. «Қазсушар» РМК филиалдарының өкілдерімен бірге Сырдария өзенінің  арнасындағы 10 су бекеті мен 4 су торабында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың уақтылы және сапалы атқарылуына сәйкес 2025 жылғы су тасқыны кезеңі шығынсыз аяқталды. Қазіргі таңда Сырдария өзені мұздан толықтай тазарды. Дариядағы мұз Кіші Аралға жетті».

Брифингтің соңында журналистердің сұрақтарына жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Дата публикации
20 марта 2025
Дата обновления
20 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы