2025 жылы 16 наурызда сағат 05:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1362-1474 шақырым аралығына (Арал ауданы орталығынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіне дейін) жол түбінің бұзылуына байланысты барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.