2025 жылы 5 наурызда сағат 17:30 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көру мүмкіндігі төмен) республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал ауданының орталығына дейін) қоғамдық және жүк автокөліктеріне шектеу қойылды.