4 наурызда 2025 жылы сағат 08:00 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1474-2046 шақырым аралығына (Қазалы ауданы, Айтеке би кентінен Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылына дейін) барлық автокөлік қозғалысына уақытша шектеу алынды.