4 наурызда 2025 жылы 00 сағат 30 минуттан бастап, Қызылорда облысының ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көру мүмкіндігі төмен) республикалық маңызы бар KAZ 14 «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шидерты» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына (Қызылорда қаласынан бастап, Ұлытау облысының шекарасына дейін) барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.