28 ақпанда 2025 жылы сағат 21:00 минуттан бастап, Ақтөбе облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, қалың қар) республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1362 шақырым аралығына (Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал ауданының орталығына дейін) қоғамдық және жүк автокөліктеріне шектеу қойылады.