2025 жылы 25 ақпанда сағат 19:30 минуттан бастап, Қызылорда облысында ауа-райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар KAZ 06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автомобиль жолының 1474-1806 шақырым аралығына (Әйтеке би кентінен бастап Қызылорда қаласына дейін) барлық автокөліктердің қозғалысына шектеу алынды.